Кәсіпорын туралы

            Астана қаласы әкімінің қаулысы негізінде 2009 жылдан бері кәсіпорын Астана қаласының коммуналдық меншігінен республикалық меншігіне «Сарыарқа» ӘКК»ҰК» АҚ ретінде берілді.

         Автовокзалдың негізгі қызметтерін орындау тәртібі Қазақстан Республикасының 04.07.2003 жылғы №476-II «Автомобиль көлігі туралы» және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 10.03.2004 жылғы «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүкті тасымалдау Ережесін бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі. «Сапаржай-Астана» ЖШС-нің филиалдары, өкілдіктері, еншілес және тәуелді ұйымдары жоқ тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. «Сапаржай-Астана» ЖШС шаруашылық есептегі кәсіпорын болып табылады.

            Автовокзал ғимараты 1989 жылы пайдалануға берілген. 2009 - 2013 жылдары ғимараттың ішкі жабдығы мен алды қайта жасалды. Заманауи көлік вокзал кешені жолаушыларға ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етумен қатар қауіпсіздіктің белгіленген талаптарына сәйкес келеді. Бүгінгі күні Астана қаласының автовокзалы тұрғындарға ауданаралық, облысаралық, қалааралық және халықаралық автобус тасымалдауына жолақы билетін жүзеге асыру қызметі саласында кең көлемдегі инфрақұрылымды ұсынып қана қоймай, басқа да тиісті қызметтер көрсетеді. Тұрғындарға қызмет көрсетуде билеттерді сатуды жүзеге асыратын 9 касса, диспетчер пункті, анықтама бюросы, қол жүгін сақтау камерасы, демалу бөлмесі, банкоматтар, дәмхана және асхана, шаштараз, мерзімді әдебиеттерді сататын дүңгіршектер, төлемдерді қабылдау бойынша пункт, дәріхана дүңгіршегі мен басқа да қажетті тауарларды сату бойынша пункттер жұмыс істейді. 2013 жылы Интернет жүйесі мен POS-терминалдар арқылы билет сату жүйесі енгізілді.  

             Стратегиялық маңызы бар нысан ретінде автовокзал ғимаратының сыртқы периметрі мен күту залдары, қонақ үй бейне бақылау камераларымен жабдықталған, орталық бақылау пунктінде болып жатқандарды жазып алатын тәулік бойы автоматты жазба ұйымдастырылған, сондай-ақ кезекшілікті арнайы күзет агенттігі жүргізеді.

           Автовокзал күн сайын жылына 1 миллион жолаушыларды тасымалдайтын 60 қалааралық, облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша қызмет көрсетеді. Өткізу қабілеті күніне 180-ге дейінгі рейс пен 6500-ге дейінгі жолаушыларды құрайды.  

            Сіздерге көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар кәсіби ұжым қызмет көрсетеді.

 

 Құрметті жолаушылар мен қала қонақтары!

           «Сапаржай-Астана» ЖШС  Қазақстан Республикасы Президентінің  09.08.2013 жылғы №611 Жарлығы мен «Жолаушыларға және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарға, олардың алып жүретін заттарына, оның ішінде қол жүгі мен багажына тексеріп қарауды жүргізу қағидалары мен оған қойылатын талаптарды бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы №1102 Қаулысына сәйкес автовокзал ғимаратына кіру, сондай-ақ перрон жақтан кіру аркалы металл іздегіш  арқылы  жүзеге асады.

           Бақылаушы органдар  тарапынан  қауіп деңгейінің  жариялануына  сәйкес жолаушылар мен келушілердің, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау іріктеліп жүргізіледі.

           Барлық азаматтардан  біздің күзет қызметкерлерінің тексеріп қарау талаптарына түсіністікпен қарауларыңызды  және терроризмге қарсы қорғалу қауіпсіздігінің тәртібін сақтауларыңызды  өтініп  сұраймыз!    

 

Біздің автовокзалдың қызметін пайдаланғаныңыз үшін Сіздерге рахмет айтамыз!

Жолаушыларға сәтті сапар тілейміз!